Забур жырлары. Chapter 86

1 (Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.)
2 Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда, Сионның қақпалары ұнамдырақ Жаратқанға Жақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.
3 Уа, Құдайдың қаласы, сен жайында Керемет жақсы жайттар айтылуда. //
4 Өзімді танып білетіндер арасынан Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын, Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын: Бұлар — Сионда туғандар деп санаймын.
5 Жұрт былай демек Сион қаласы жайында: Осындай да осындай ер туған мұнда, Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала.
6 Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды: Бұлар — Сионда туғандар деп жазады. //
7 Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде: Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде.