Забур жырлары. Chapter 114

1 Қатты сүйемін Жаратқан Иені, Жалынған даусымды Ол естіді,
2 Иә, Ием құлақ түрді маған, Өмір бойы сиынбақпын Оған.
3 Өлімнің торы жан-жақтан шырмады, Ажалдың азабы мені қинады, Зор қайғы-қасірет тым меңдеп алды.
4 Жаратқанның атын атап сиындым: Уа, Ием, құтқаршы мені! — деп шақырдым.
5 Жаратқан Ие әділ де рақымды, Біздің Құдайымыз сондай қайырымды!
6 Иеміз қорғайды ақпейіл жандарды, Мүшкіл халімнен Ол мені құтқарып алды.
7 Тыныштала гөр енді, уа, жан дүнием, Мол игілік жасады Жаратқан Ием.
8 О, Жаратқан, Сен жанымды өлімнен Құтқардың һәм көзімді жас төгуден, Аяғымды сақтадың сүрінуден.
9 Осылай мен тірілердің ғаламында Жүремін Жаратқанның көз алдында.