Забур жырлары. Chapter 133

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Уа, Жаратқанның бар қызметшілері, Иемізді дәріптей беріңдер! Сендер Құдайдың киелі үйінде Түн кезінде қызмет көрсетесіңдер:
2 Киелі орнына қарай қол жайып Иемізді мадақтай беріңдер!
3 Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз саған Лайым төксін батасын Сиондағы орнынан!