Забур жырлары. Chapter 129

1 (Киелі үйге өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Ауыр жағдайымның тұңғиығынан, Уа, Жаратқан Ием, дауыстаймын Саған.
2 О, Тәңір Ием, даусымды тыңдай гөр, Мінажатыма менің құлақ түре гөр!
3 Ием, Сен күнәларды есіңнен шығармасаң, Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан?
4 Бірақ Сен кешірім беруге әзірсің, Содан бәрі Сені қастерлей берсін!
5 Шын жүректен Иеме сенім артамын, Берген сөзіне үмітімді артамын.
6 Күзетші күткендей таңның атуын, Қарауыл аңсағандай күннің шығуын, Жан-тәніммен Иемді күтіп сағынамын.
7 Уа, Исраил халқы, сенім арт Жаратқанға, Рақым мен құтқаратын күш шексіз Онда.
8 Бар күнәсінің құнын төлеп, Исраилді Құтқарып Жаратқан Ие азат етеді.