Забур жырлары. Chapter 75

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын Асафтың әні әрі жыры.)
2 Құдай танымал Яһуда елінде, Оның аты қастерлі Исраилде,
3 Тұрағы Оның Иерусалимде, Киелі үйі Сион төбесінде.
4 Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін, Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін.//
5 Уа, Құдай, аңға толы таулардан гөрі Сен салтанаттысың әрі құдіретті.
6 Тоналды батыл жүректі ер адамдар, Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар, Қол көтере алмайды бізге қарсы олар.
7 Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы, Қатты дауыспен сөктің сол жауларды, Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды: Соғыс күймелері және аттары.
8 Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңда Кім тұра алар еді Сенің алдыңда?
9 Жердегі бейшара жандарды құтқаруға Сен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда, Көктен үкім шығардың күнәкарларға, Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.//
11 Пенденің ашуымен де даңқталасың, Оның қалған ашуын Өзің басасың.
12 Ей, айбатты Құдайдың маңындағылар, Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар, Әрі соларыңды мұқият орындаңдар, Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!
13 Ол әміршілердің батылдығын жояды, Жер патшаларының үрейін ұшырады.