Забур жырлары. Chapter 63

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
2 Уа, Құдай, арызыма құлақ сала гөр, Жаудың сесінен жанымды сақтай гөр,
3 Зұлымның астыртын әрекетінен Қорғап әрі залымның бүлігінен.
4 Тілдерін олар семсердей өткірлеген, Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен.
5 Айыпсыз жанды атады тосқауылдан, Кенеттен тап береді қорықпастан.
6 Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды, Құпия тор құруды жоспарлайды, Мұны кім көрер? деп өздерін мақтайды.
7 Қаскүнемдік ойластырып, құрайды, Мүлтіксіз жоспар құрдық деп ойлайды. Адамның жан дүниесі — түпсіз тұңғиық, Жүрек түкпірлері пендеге жабық.
8 Ал Құдай соларды жебемен атады, Кенеттен олар жарақаттанады,
9 Өз сөздеріне бола талқандалады, Мұны көргендер олардан бас тартады.
10 Күллі адамзат үрейленеді, Құдайдың істерін жария етеді, Оның керемет жасағанын түсінеді.
11 Жаратқанға әділдер шаттанады, Олар Иемізден пана табады. Ақжүрек жандар Оны мақтан тұтады.