Забур жырлары. Chapter 10

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені, Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені: Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!
2 Сол зұлымдар садақ иіп, жебе тартуда, Тасадан дайын тұр адалдарды атуға.
3 Әділ жан не істейді, заңды негіз қираса?
4 Ал Жаратқан отырады көктегі тағында, Өзінің киелі ғибадатханасында, Иеміз бақылайды барлығын да, Сын көзбен қарайды адам баласына.
5 Жаратқан Ие әділдерді тексереді, Зұлым да зорлықшыл жандарды Ол жек көреді,
6 Залымдарға жаудырады жанған көмірді Әрі жазалау үшін лаулаған күкіртті, Қоса жібереді күйдіріп өртейтін желді.
7 Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді, Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді.