Забур жырлары. Chapter 12

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
2 Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?
3 Қашанғы көңілім уайымға тола бермек, Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек? Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?
4 Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр, Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.
5 Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын, Дұшпандарым Жеңдік! деп лепіре мақтанбасын.
6 Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын, Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын, Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.