Ишая. Chapter 12

1 Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың: Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын! Маған ашуланған едің, ал сосын Қаһарыңды басып, мені жұбаттың.
2 Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым! Оған сеніп, қорықпаймын да енді, Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі, Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы, Ол адал Құтқарушым болып келеді!
3 Құтқарылудың қайнар көздерінен Су ала бересіңдер қуанышпен.
4 Сол кезде былай дейтін боласыңдар: Жаратқан Иеге шүкірлік етіп, Есімін атап Оған сиыныңдар, Әділ істерін ұлттарға білдіріп, Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!
5 Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар, Ол ұлы кереметтерді істеді, Осыны білсін жер жүзінің бәрі!
6 Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар, Дауыстап қалықтата ән салыңдар: Исраил сиынған Киелі Құдай Енді өздеріңнің араларыңда Бөленеді салтанатты ұлылыққа!