Әйүп. Chapter 25

1 Шуахтық Билдад Әйүпке қарсылық білдіріп былай деді:
2 — Құдайда билік бар, барша жұрт Оны терең қастерлеуі керек. Ол көктің биігінде тәртіп орнатады.
3 Оның көктегі періштелер топтарын кім санай алар еді? Ол өз жарығын кімнің үстіне түсірмейді?
4 Сонда адам баласы Құдайдың алдында қалайша әділ бола алады? Әйелден туған пенде қалайша таза бола алар еді?
5 Тіпті ай да Оның алдында жеткілікті жарық емес, жұлдыздар да айқын емес!
6 Салыстырсақ, пенде жай жер құртына ұқсайды, адам баласы тек күйе құрты сияқты.