Забур жырлары. Chapter 46

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)
2 Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар, Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!
3 Себебі Жаратқан — Хақ Тағала айбатты, Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы
4 Бізге халықтарды бағындырады, Жау ұлттарды табанымызға салады.
5 Үлесімізге таңдады Ол біз үшін Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін. //
6 Құдай Ие халқының шаттық айқайымен Тұрағына көтерілді, һәм керней үнімен.
7 Әндетіңдер, Құдайға ән-жыр шырқаңдар, Күй тартып та Патшамызды мадақтаңдар!
8 Құдай — Патшасы күллі жер бетінің, Лайым Оған айтыңдар мадақтау жырын!
9 Құдай халықтарға билігін орнатты, Киелі тағына Ол отырып алды.
10 Басқа ұлттардың басшылары жиналар, Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар, Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары, Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!