Забур жырлары. Chapter 130

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін, Паңдана қарамайды көздерім менің, Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын, Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,
2 Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта. Бейқам жүр сәби анасының қасында, Сол нәресте сықылды өз жаным да Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.
3 О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!