Забур жырлары. Chapter 124

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Иеге сенім артқандар Сион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.
2 Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды, Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды, Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.
3 Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін, Зұлымдардың оларға билігі шектелген.
4 Мейірімділер мен ақпейілділерге Игілік ете гөр, уа, Жаратқан Ие!
5 Ал жүріп жатқандарды теріс жолдармен Иеміз бірге аластатсын заңсыздармен. Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!