Забур жырлары. Chapter 6

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
2 Уа, Ием, маған ызаланып сөге көрме, Қаһарланып мені жазалай көрме.
3 Әлсізбін, о, Ием, рақымды бола гөр, Дірілдеген денемді сауықтыра гөр.
4 Жан дүнием қатты арпалысады, Жол бересің, уа, Ием, бұған қашанғы?
5 Я, Ием, қайтып, жанымды құтқара гөр, Берік рақымыңмен аман сақтай гөр.
6 Өлгендер Сені естеріне алмас, Көрдегілер Сені мадақтамас.
7 Күрсіне ыңқылдап қатты шаршаймын, Түні бойы зар еңіреп жылаймын, Төсегімді көз жасыммен дымқылдаймын.
8 Осы қайғымнан көзім солып қалды, Көп жауыма бола көруден қалды.
9 Аулақ менен, бар зұлымдық жасайтындар! Ием құлақ түрді жылаған даусыма,
10 Жаратқан естіді жалынышымды, Иә, Ием қабылдайды мінажатымды.
11 Бар жауым үрейленіп масқаралансын, Кенеттен кері қайтып, қарабет болсын.