Забур жырлары. Chapter 60

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
2 Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр, Мінажатыма менің ден қоя гөр.
3 Сары уайымға салынды жан дүнием, Өзіңе сиынамын жердің шетінен, Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.
4 Себебі бас сауғалар панам болып келесің, Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің.
5 Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы, Қанатыңның астынан тыным табайыншы,
6 Өйткені берген анттарымды Сен естідің, Өзіңді қастерлейтіндермен бірге үлес бердің.
7 Патшаның ғұмыр жасын ұзарта гөр, Ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра гөр,
8 Уа, Құдай, алдыңда ол мәңгі билік құрсын, Лайым рақым мен шындығың оны қорғасын.
9 Сенің атыңды әрдайым мадақтаймын, Берген анттарымды күнде орындаймын.